СЕМИНАР

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жұмыстары бойынша Жамбыл облысы сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен оқыту семинары өтті.
Семинар — тренингке Жамбыл болыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мадиева Сара Қабылбекқызы, облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, Сарысу ауданы әкімнің орынбасары Е.Есмаханов, аудан әкімі аппаратының жетекшісі Ж.Сақыпбеков және Сарысу ауданындағы аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары мен мүшелері қатысты.
ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізудің ерекшеліктері, сайлау заңнамасының жаңа енгізілімдері туралы Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мадиева Сара Қабылбекқызы баяндама жасады.
Бұдан кейін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы мен тіркелу тәртібі туралы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Жамалов Талғат Салқанұлы айтып өтті.
Сайлау процессін ақпараттандыру және сайлау алды үгіт жұмыстарын ұйымдастыру туралы және сайлауды байқау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді, коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Сембеков Мейіржан Ермекбайұлы түсіндірді.
Сайлау құжаттарының нысандары туралы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Жапаров Еркін Серікұлы баяндады.
Семинар — тренинг барысында қатысушылар сайлауды өткізудің заңдылығы, кандидаттарды тіркеу тәртібі, округтік, учаскелік комиссия мүшелерінің және байқаушылар мен сенімді өкілдердің міндеттері туралы кеңінен мағлұматтар алды.
Қатысушылар тарапынан түскен сұрақтарға жауаптар берілді.

Сарысу ауданы әкімдігі

Comments (0)
Add Comment