Семейде түн ішінде жалғыз жүрген 5 жасар қыз табылды

Семейлік дәрігер бір жаялықпен түнде қалада жалғыз жүрген бес жасар қызды тауып алған деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігер қызды бірден ауруханаға жеткізген. Семейде түнде ауа температурасы 4-5 градусқа дейін төмендейді. Қызды дер кезінде тауып алмаса, ол гипертонияға шалдығар еді.

Бұл туралы дәрігердің өзі жазба қалдырған. Ол көшемен келе жатып, кішкентай қызды көргені туралы ақпарат жариялады. «Баланың киімі жоқ, бір жаялықпен жүрді» дейді. Дәрігердің арқасында қызды үсік шалмады. Сондай-ақ мәтінде біраз уақыттан кейін қыздың ата-анасы табылғаны жазылған.

Абай аудандық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желілерде түнгі уақытта Дәстенов көшесінен кәмелетке толмаған баланың табылу фактісі тіркелді.  Абай ауданының полиция департаменті жоғарыда аталған факті бойынша тексеру жүргізді,  ақпарат шынайы және расталды. Полиция қызметкерлері қыз бала тәрбиеленіп жатқан отбасын тексерді. Тексеру барысында отбасы берекелі, анасы мен әкесі жұмыс істейтіні анықталды. Бала үйден өз бетімен шығып кеткен. Анасы бұл уақытта ұйықтап жатқан. Баланың үйден жоғалып кеткенін әкесі үйіне келгенде біліп, дереу 102 арнасына хабарласқан», – деп хабарлады Абай ауданы полиция басқармасындағылар.

Полицейлердің мәліметінше, осы факті бойынша әкесі кәмелетке толмаған баланы заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде тауып алғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Comments (0)
Add Comment