Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

Желтоқсанның 4-і күні жоғалып кеткен Семей қаласының тұрғынының денесі табылды. Оның жоғалғаны туралы полицияға қыздың әпкесі арызданған деп хабарлады turkystan.kz Абай облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Еріктілердің хабарлауынша, 35 жастағы Адэль Хамзина 4 желтоқсан күні Семейдегі үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Абай ауданы полиция департаментінің хабарлауынша, 4 желтоқсан күні 51 жастағы қала тұрғыны хабарласып, жоғалып кеткен сіңлісін іздеуге көмектесуін өтінген.

Полиция мәліметінше, Адэль Хамзинаның денесі Семей шетіндегі Степной ауылының маңынан табылған. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 001 бабы («Мәйітті табу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

https://turkystan.kz/article/206776-semeyde-iz-tuzsiz-zhogalyp-ketken-kyzdyn-denesi-tabyldy/

Comments (0)
Add Comment