Семейде 12 көшенің атауы қазақшаланады

Семейде тарихи тұрғыдан әбден ескірген көше атаулары жаңаланбақ. Жергілікті ономастикалық комиссия қандай көшелер өзгеретінін қарастырып қойған.

Жақында қоғамдық тыңдау болып, ұсыныс республикалық комиссияға жолданады. Семейде әбден ескірген атаулар көп. Мысалы Кренстьянская, Первомайская, Советская, Энгельс сынды көшелер әлі күнге дейін бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Енді олардың орнына Құнанбай Өскенбайұлы, Кеңгірбай Жандосұлы, Әнуәрбек Байжанбаев, Жұмат Шанин, Рақымжан Қошқарбаев сынды тұлғалардың аты берілмек.

«Биыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, осы Құнанбай Өскенбайұлына көше атын беру жоспарланып отыр. Сол мәселе қаралатын болады. Қалада 1 200-ге жуық көше бар. Соның едәуірі тарихи тұрғыдан ескірген көшелер. Олар кезең-кезеңімен өзгертіледі», — деді Семей қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары Әсел Әбілқасымова.

 

turkystan.kz

Comments (0)
Add Comment