Семей орманы резерватынан тағы өрт шықты

 ТЖМ

Семей орманы резерватының Бегенев филиалының Дөнгүл орманшылығы аумағында мемлекеттік орман қоры өртеніп кетті. 

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне сенсек, өрт кеше 12:06 кезінде байқалған.

Техника орман өртін сөндіру стансасынан 12:12 шамасында жолға шықты.

12:45-те орманшылар мен құтқарушылар өрт сөндіруді бастады.

Семей орманы резерваты мен Абай облысы ТЖД қызметкерлері тілсіз жаумен бірлесіп күресті.

Өрттің жалпы ауданы — 7 гектар. Оның ішінде орманмен қамтылғаны — 1,06 га.

Өрт сөндіруге 82 адам және 26 техника қатысты. Оның ішінде МИ-2 тікұшағы да бар.

Жалын түнде ғана ауыздықталып, сөндірілді.

https://turkystan.kz/article/246692-semei-ormany-rezervatynan-tagy-ort-shykty
Comments (0)
Add Comment