Сегіз жасар бала мен 13 жасар қыздың дүркіреген тойының видеосы тарады

Желіде сегіз жасар баламен 13 жасар қыздың тойы өткен видеосы тарады,  деп хабарлайды buginmedia.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде сегіз жасар бала мен ақ үйлену көйлегін киген 13 жасар қыздың билеп жатқан видеосы тарады. Үйлену тойы Ресейдің Астрахан қаласында өтті.

Іс-шараны жергілікті сығандар диаспорасы өткізгені белгілі болды. Балалардың үйлену тойы өткізілгенімен, неке қию рәсімі тек кәмелет жасқа толған кезде жүзеге асады.

Фото: видеодан алынды.
https://buginmedia.kz/1242/segiz-zhasar-bala-men-13-zhasar-yzdy-d-rkiregen-toyyny-videosy-tarady?fbclid=IwY2xjawIExmZleHRuA2FlbQIxMQABHVDcAHvv4KEFKI1t1r4GVcc1vtEbo2TUEIxtBPtpuR7rtNZHf2FP7i2Mng_aem_1WkXtxZW4WSWHjctZ0yTWA
Comments (0)
Add Comment