Сазгер болуыма жоқшылық әсер етті – әнші Kental

скриншот
https://turkystan.kz/article/262950-sazger-boluyma-zoqsylyq-aser-etti-ansi-kental

Kental лақап атымен танымал Талғат Кенжеболатов «1001 түн» бағдарламасында берегн сұхбатында сахнадан неге көрінбей кеткені уралы айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Соңғы рет сұхбатты 4 жыл бұрын беріппін. Одан кейін отбасымды реттедім. Үйлендім. Тұңғышым кейін екінші балам өмірге келді. Уақыт зулап өтіп кетіпті. Сондай-ақ ағылшын, орыс тілінде бірқатар ән шығардым. Шетелдерде жүрдім», — деді ол.

Өнер иесі сазгер болуына жоқшылық әсер еткенін жасырмады.

«Жас кезімде Алматыға келгенде, Superstar байқауына қатыстық. Ол уақытта ақша жоқ. Пәтерді жалға алып тұрамыз. Күн көрістің қамы үшін таныстарға барып, «бір ән жазып бересіз бе?» деп өтініш айтамыз. Кейін сұрап-сұрап шаршағаннан кейін, өзіміз жазуға тура келді. Жазуға болады екен. Осы күнге дейін отыз шақты ән жаздым.  Арасында ең жақсы көретінім, әрі ауыр ән «Космос» деп аталады. Басқа әншілерге де жазып көрдім, бірақ олардың орындауы ұнаған жоқ», — деді Т. Кенжеболатов.

Сондай-ақ ол 9 жыл күйзелісте жүргенін айтты.

«Тоғыз жылдық күйзелісте жүрдім. Бір жағынан соның арқасында біраз ән жаздым. Пайдасы да болды. Сосын үйлендім. Ұзақ уақыт жүрген деприссиядан әйелім алып шықты. Мені махаббат құтқарып алды ғой. Ал ән күйзелісте жүргенде шығатынын түсіндім», — деді әнші.

Comments (0)
Add Comment