«Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысындағы негізгі аспектілер»

2025 жылдың 10 қазанында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінде аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту-семинары өтті.
Семинарға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы С.Селеубаев, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкері, аудан әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Телеуов, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинар-тренингтің мақсаты – сайлауды ұйымдастырудағы теориялық және практикалық негіздерін түсіндіру, сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын түсіндіру, сондай-ақ, сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру болып табылады.
Оқу-семинарын Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы ашып, оқыту-семинардың бағдарламасымен таныстырып өтті.
«Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысындағы негізгі аспектілер» тақырыбы бойынша өткен оқыту жұмыстары үш бөлімге бөлінді. Түске дейінгі мерзімде учаскелік сайлау комиссия мүшелері 8 топтарға бөлініп, викториналық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар арнайы дайындалған ситуациялық кейстерге талдаулар жүргізді.
Бағдарламаға сәйкес оқытудың екінші бөлімінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері дәріс оқып, сайлау процесінде орын алған жағдаяттарға байланысты кейстік жұмыстар жүргізілді.
Үшінші, семинардың қорытынды бөлімінде оқытылған тақырыптарды бекітуге бағытталған тест сұрақтары мен кері байланыс сауалнамасы алынды.
Comments (0)
Add Comment