Сарысу аудан әкімі Сәкен Мамытовтың есептік кездесуі Саудакент ауылында өтті. Жиынға аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Диханбай Ақділда, қалалық билер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев, мекеме, бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесуде аудан басшысы аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, жоспардағы атқаратын жұмыстарды баяндады. Бүгінде ауылды көркейтуге үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы айтып, ауылдың жарқын болашағы үшін тынымсыз істер атқарыла беретінін жеткізді.
Жиында тұрғындар тарпынан ауылдық емханадағы рентген мәселесі, мәдениет үйінің лэд экран жөндеу, метостанция жолын салу және Саудакент-Тараз бағытына қатынайтын автобус мәселесін қозғады. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары аудан басшысына мәселелерді оң шешімін табуға ықпал етіп жүргені үшін алғыстарын да жеткізді.
Сарысу ауданы