Саудакентте мектеп түлектері көпбалалы анаға үй сыйлады

Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты Саудакент ауылында көпке үлгі боларлық, жүрек жылытарлық оқиға орын алды.

Осыдан тура 20 жыл бұрын Б. Адамбаев атындағы тірек мектебінің қабырғасынан түлеп ұшқан түлектер айтулы датаны дәстүрлі дастарқан басындағы отырыспен емес, сауапты әрі игі іспен атап өтуді жөн көрген. Мектеп бітіргендеріне жиырма жыл толған сыныптастар өзара ұйымшылдық танытып, ауылда тұратын көпбалалы анаға су жаңа үй сыйлады.

Screenshot

Көптен күткен баспананың кілтін табыстау рәсімі ауыл ішінде үлкен салтанат пен қуанышқа ұласты. Жиынға жиналған ауыл тұрғындары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл ақсақалдары осынау игі шараның куәсі болып, жастардың бұл мәрттігіне дән риза болды.

Screenshot

Ауыл үлкендері туған жерге деген сүйіспеншілігі мен әлеуметтік жауапкершілігін іспен дәлелдеген түлектерге шынайы алғыстарын жаудырып, «батамен ел көгерер» демекші, ақжарма тілектерімен ақ баталарын берді.

turaninfo.kz

Comments (0)
Add Comment