Теңгеге шаққанда бұл шамамен 66,7 млрд теңге. Лотереяны үйлестіретін Westlotto компаниясының мәліметінше, жеңімпаз басты жүлдеге қажет барлық санды дәл тапқан.
Eurojackpot лотереясында ең жоғары ұтысқа ие болу үшін қатысушы 1-ден 50-ге дейінгі аралықтан бес негізгі санды және 1-ден 12-ге дейінгі екі қосымша санды дұрыс табуы керек. Бұл жолы жеңіс әкелген сандар – 5, 11, 23, 33, 42 және қосымша 10, 12 сандары.
Бұған дейінгі 13 ұтыс ойынында ешкім басты комбинацияны таба алмаған. Сондықтан әр ойын сайын жүлде қоры өсіп, ақыры 120 млн еуроға жеткен.
Германияда да бірнеше қатысушы ірі ұтысқа ие болды. Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінен бір адамға, Саксониядан екі қатысушыға және Тюрингиядан бір ойыншыға 4 млн еуродан бұйырған. Дәл осындай соманы Норвегия тұрғыны да ұтты. Дегенмен барлық жағдайда ұтыс жеке адамға ма, әлде билетті бірге сатып алған топқа тиесілі ме, нақты айтылмаған.
Биыл Eurojackpot джекпоты сегіз рет ойнатылған. Сәуір айының басында барлық сандарды Финляндия мен Словакия қатысушылары дұрыс тауып, әрқайсысы 5 млн еуродан алған. Ал Германиядағы соңғы ірі жеңіс 31 наурызда тіркелген. Сол кезде Солтүстік Рейн-Вестфалия тұрғыны немесе ойыншылар тобы 70,7 млн еуро ұтып алған.
Германияда лотереядан түскен ұтысқа салық салынбайды. Ал Eurojackpot-та барлық санды дәл табу ықтималдығы өте төмен – шамамен 1 к 140 миллион. Яғни бұл жеңіс кездейсоқ сәттілік қана емес, нағыз сирек кездесетін лотереялық оқиға болып отыр.