Мұнан соң аудан әкімі Сәкен Мамытов жеңімпаздар аруларды арнайы қабылдап, Азияның төрінде өткен тартысты бәсекеде жүзден жүйрік шыққан спортшыларға жүрекжарды тілегін арнады. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов, аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Тасқын Шайхыстамов құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаз жастардың ауданымыздың мақтаныштары екендігін тілге тиек етті. Аудан басшысы жеңімпаздарды аудан әкімінің Алғыс хаты мен қаржылай сыйлықтармен марапаттап, жаттықтырушысы Бақытсерік Қалымбаевқа «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тақса, Ержан Қалмахановқа аудан әкімінің Құрмет грамотасы берілді. Сонымен қатар, «Қазфосфат» ЖШС-і тарапынан қаржылай сыйлықтар берілді.