САРЫСУЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

САРЫСУЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Жуырда Талас ауданы, Ойық ауылында
Мемлекет және Қоғам Қайраткері Д.Қонаевты еске алуға арналған спартакиада өтті. Тараз қаласы мен аудандардан келген жарысқа қатысушы 11 команда спорттың 6-түрінен сынға түсті.
Аталмыш сайыстың қорытындысы бойынша ауданымыздан намысын қорғаған спортшылар бірқатар спорт түрлерінен жеңімпаз атанды. Атап айтсақ, Сарысу командасы кіші футболдан, қой көтеруден 1 — орынды, ал турникке тартылудан 1-ші және 3-шы орындардарды жеңіп алып, жалпы команданда 2-орынды иеленді.
Жеңімпаздар кубок және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Айта кетейік, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жатқан спартакиадада ауданымыздың спортшылары 2023 жылы футболдан, 2024 жылы арқан тартудан 1-ші орын алған болатын.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан спорт сайыпқырандарын жарқын жеңістерімен құттықтаймыз.
Comments (0)
Add Comment