Сарысу ауданының сайлаушылары Ұлыстың ұлы күніне орай сайлау учаскесіне ұлттық киіммен келіп, елдегі берекелі бірлікті паш етті.
Атап айтсақ, Ұйым ауылындағы №372 сайлау учаскесінде келіп, дауыс берген Қабылбеков Сайлаубек ақсақал қазақтың оюлы шапанын киіп, ел ертеңі үшін сайлауға үн қосып, еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығы үшін дауыс берді.
Сондай-ақ, Түркістан ауылдық округі, Арыстанды ауылының тұрғыны Каранеева Бибіхан ұлттық киіммен келіп, №387 сайлау учаскесінде болып, өз ұстанымын білдірді.
«Сайлау − ел өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл сайлауда халықтың артқан үміті зор, соған сәйкес белсенділігі де өте жоғары. Жастар да ерекше атсалысуда», — деді Бибіхан Каранеева.