Сарысулық аналар алғысқа бөленді

Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев 8 наурыз −Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналар, зейнеткерлер мен әр салада қажырлы еңбек етіп жүрген нәзікжанды аруларды қабылдады.

Кездесуді ашқан аудан әкімі кез келген мемлекетте әйел затының басты рөл атқаратынын, өскелең ұрпақты тәрбиелеу арқылы ел дамуына үлес қосатынын атап, жүрекжарды тілегін жеткізді.
Жиында ішкі істер органының ардагері Жұмакүл Нұрманқызы, азаматтық қоғам белсіндісі Райхан Айжарыққызы, ардагер-ұстаз Роза Өнербаева құттықтауларын жеткізіп, ұйымдастырушыларға аналық алғыстарын айтты.

Аудан әкімі тарапынан аналарға гүл мен естелік сыйлықтар табыс етіліп, кеш әсем әнмен ұласты.
Халықаралық әйелдер күніне орай іс-шаралар сағат 15.00-де мәдениет үйіндегі концерт пен салтанатты қабылдауға ұласады.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments (0)
Add Comment