Қатты дауылдан орын алған төтенше жағдай салдарынан зақымданған нысандарға жөндеу – қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
13 көпқабатты тұрғын үйлердің кейбір бүлінген шатырлары жөнделді.
Жеке секторлардағы зардап шеккен 25 үйге құрылыс материалдары таратылып берілді.
Сонымен қатар, «Қаратау» толық трансформаторлық қосалқы станциядан Жаңатас қаласындағы қазандыққа дейін 6 кВ резервтік электр беру желілері қалпына келтірілді.