Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қосыбаев Мақсат Амантайұлы Сарысу ауданында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімімен және жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерімен бірлесіп аудандағы су қоймалары мен су айдындарының жағдайына мониторинг жүргізді. Іс шара барысында аудан аумағында орналасқан су қоймалары мен каналдарға құяр басындағы тоспалар мен шлюздердің жай-күйі бақылауға алынып, су тасқынының алдын алу жұмыстары пысықталды. Сонымен қатар су шаруашылығы мекемелерімен кеңес өткізді, онда ағымдағы жағдайдың тұрақтанғаны және қалыптасқан метеорологиялық жағдай негізінде қажетті алдын алу шараларын қабылдау мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, ешқандай қауіп жоқ.
Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі