Сарысуда «Сөзден іске» жобасы аясында ауылдарға ауызсу тартылуда

Елімізде ерекше назарға алынған мемлекеттік саясаттың бірі – қазақстандықтарды сапалы әрі таза ауыз сумен қамтамамсыз ету.
Осы мақсатта Сарысу ауданында «Сөзден іске» жобасы аясында қос ауылда ауыз су мәселесі оң шешімін таппақ.
Енді ауылдағы ағайын сапалы судың қызығын көретін болады. Атап айтар болсақ Жаңаталап пен Ұйым ауылдарын сумен жабдықтау құрылысының бас мердігері «Байсын-А» ЖШС. Техникалық қадағалаушы: «Амаль» ЖШС.
Құрылыс жұмыстары жыл аяғында аяқталады деп жоспарлануда.
Техникалық көрсеткіштері:
Су құбырының жалпы ұзындығы: 9,387 ш.қ.м;
Оның ішінде:
Водовод-1,276 ш.м.
Тарату желісі-6,832 ш.қ.м.
Сервистік желі-2,555 ш.қ.м.
Су есептегіш құралы-104 дана.
Су жинау резервуары- 2 дана (әр қайсысы 100 м3)
Ұңғыма бұрғылау- 2 дана.
Қазіргі таңда атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ диаметрі- 110 мм-6400 метр құбыр салынды. Сондай-ақ, диаметрі-25 мм-1000 метр құбыр салынды. Қазіргі таңда құдықшалар орнату жұмыстарын атқаруда.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы.

Comments (0)
Add Comment