САРЫСУДА БІРЛІК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Сарысу аудандық мәдениет үйінің алдында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ынтымағы, бірлігі жарасқан – Қазақстан жасасын!» атты мерекелік кеш өтті. Думанға толы шараны аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандық билер кеңесінің төрағасы, қала және ауылдық округ әкімдері мен тұрғындар тамашалады. Алдымен келушілер алаңдағы қолөнер көрмелерін тамашалады. Содан кейін жас спорт чемпиондарының дәліздерін, жас спортшылардан құралған каратэ шеберлерінің жаттығу көріністерін ұсынса, балабақша ұжымы фото зона, ұлттық спорт ойындары мен этнос өкілдерінің көрмелерін көрсетті. Сахнаның жанындағы Алтыбақанда жастар көңілді кештің көрінісін айқындады.
Шара аудандық мәдениет үйінің әншілері мен «Айжанқыз» халықтық бишілер ұжымының «Көктем вальсі» композициясымен ашылды. Мұнан соң сахнаға «Әулие ата» қазақ этно- мәдени орталығы, «Дустлик» өзбек этно- мәдени орталығы, «Возрождение» неміс этно-мәдени орталығы, «Манас» қырғыз этно-мәдени орталығы, «Карио» кәріс этно- мәдени орталығы, «Родонеж» славян этно- мәдени орталығы, «Барбанг» күрд этно- мәдени орталығы, «Сабантуй» татар этно- мәдени орталығының жетекшілері еліміздің бейбітшілігіне үн қатып, аспанға көгершіндерді ұшырды.
Аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, бейбітшілік пен тұрақтылықтың бекем болуына тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, бірқатар аудан азаматтарына «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін, аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады. Ән мен би үйлесім тапқан шараға келушілердің қарасы мол болды.
Comments (0)
Add Comment