Көктем есік қағып тұр, мұны әр шаруа адамы қалт жібермейді. «Көктемнің әр күні жылға азық» дегендей, ауылдағы жаны мен малын шаруашылықпен асырап, тірліктің ебін тауып отырған шаруалар үшін көктемнің әр күні қарбалас тірлік.
Көктемгі егіске пайдаланылатын техниканы дайындап, жөндеп, жаңасын алып, көктемде соларды далалық жұмыстарға пайдаланады. Биыл жауын-шашын жақсы түсіп, жердің ылғалы басым. Сондықтан көктемгі егіске дайындықты ертерек тиянақтап, ауа райының қолайлы мерзімін ұтымды пайдаланып, науқандық жұмысты уақтылы жүргізудің барлық мүмкіндіктері қарастырылуда.
Кеше «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы бойынша Жайылма ауылдық округі «Нұртілеу» ауылшаруашылық коорперативіне 3 трактор және ауылшаруашылық техникалары келді.
Ал, Түркістан ауылдық округіне қарасты «Ырсай» шаруақожалығы
20 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы құрылғыларын сатып алды. Сонымен бірге, «Саят» шаруақожалығы аудан тұрғындарын жергілікті етпен қамтамасыз ету мақсатында, 150 млн. теңгеге 130 бас жылқыға арналған «Жылқы бордақылау алаңын» ашты. Қазіргі уақытта бордақылау алаңында 60 бас жылқы байлануда