Аймақта жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Зәуреш Аманжолова мен Бақытгүл Хаменова Сарысу аудандық орталық аурухананың жай-күйімен танысты, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.
Аудан бойынша 700 қызметкері бар мекеме жұмысы мен мамандардың сапалық құрамы көңілден шыққанымен, «Цифрлы Қазақстан» мақсатты бағдарламасының медицинаны цифрландыру бағыты бойынша бірқатар ескертпелер айтылды. Осы орайда, халық қалаулылары аталған бағытта жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.