САРЫСУ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Сарысу ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы белсенді жүргізіліп, ауқымы кеңейе түсті.
Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бері ауқымды экологиялық науқан «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» атауымен апта сайын өткізіліп, игілікті шаралар жүзеге асты.
Акция жыл аяғына дейін жалғасатын болды.
Бүгін, акция аясында «Аманат» партиясы Сарысу аудандық филиалы және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен Жаңатас қаласында төтенше жағдай салдарынан су шайған көшелерге, су алған үйлер мен аулаларға тазалық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияда «Аманат» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасы М. Есмұрзаев, Жаңатас қаласының әкімі И. Домалақов, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты А. Жолмаханова сөз сөйлеп, туған жерді таза ұстау, ағайынға көмек қолын созу әрбір азаматтың парызы екендігін айтып, шараның маңыздылығына тоқталды.
Акция барысында мекеме және кәсіпорын қызметкерлері, аманаттықтар көшелер мен арық-атыздарды, су кірген аулалар мен үйлерді тазалап, су бұзған жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
Comments (0)
Add Comment