Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы №16 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Аталған жаттығуға аудандық орталық аурухана, электр жүйесі мекемесі және полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды.
Оқу жаттығудың мақсаты аталған нысанда шартты өрт сөндіруді ұйымдастыру және жеке құрамды практикалық тұрғыдан машықтау, сонымен қатар өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өзге де қызметтермен, мектеп қызметкерлері мен оқушылар арасында өзара әрекеттестік әрекеттерін арттыру болып табылады.
Жаттығу кезінде аталған білім беру ғимаратының мәжіліс залында электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт шыққан. Оқиға орнына жедел жеткен Жаңатас қаласы №16 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы мен тиісті қызметтер шұғыл әрі сауатты түрде өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді. Шартты түрдегі оқу-жаттығу орнында өрттен зардап шеккен екі мектеп қызметкері құтқарылып, 819 оқушы және 70 мұғалім қауіпсіз орынға көшіріліп, зардап шегуші адамды құтқару, оны медицина қызметкерлеріне тапсыру жұмыстары жүргізілді.
Өрт сөндірушілер мен өзге де біолесе жұмыс атқарған қызметтер өздеріне тиісті тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, жақсыға бағаланды. Жаттығу соңында жеке құраммен оқу-жаттығудың нәтижесі талқыланып, ескертулер мен кемшіліктерге тоқталды. Сондай-ақ от жауынгерлері ғимарат құрылысының өзіндік ерекшеліктерімен жан-жақты танысты.
Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі