Сарысу ауданында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен күреске 10,6 млн. теңге бөлінді

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруын тудыратын кененің табиғи ошағына жататын Сарысу ауданында індеттің алдын алу шараларының үш кезеңіне жалпы аудандық бюджеттен 10,6 млн. теңге қаражат бөлінді, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Аудан бойынша төрт түлік малға,  қора-жайларға, аулаларға, Жаңатас қаласындағы көпқабатты үйлердің жертөлелері мен шатырларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Аудан көлемінде Сібір  жарасының 13 ошағы тіркелген. Барлық 13 ошақта талапқа сай бетондалып қоршалған, атауы жазылған белгілер қойылған.

Comments (0)
Add Comment