Ағымдағы жылдың 18 қазанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының және Сарысу ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығының» ұйымдастырумен жұмыссыз жастар мен тұрғындарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Сонымен қатар, азаматтарға мемлекеттік қызметке кіру ережелеріне қатысты үлестірме (қажетті) материалдар ұсынылды.