Бүгін Жаңатас қаласы Дегерес елді мекенінде 30 келушіге арналған жаңа амбулаторияның ашылу салтанаты өтті.
Аудан тұрғындарын қуанышымен аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев пен облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Дәулет Ахметбеков құттықтап, аудан қариялары ақ баталарын берді.
Биылғы жылдың өзінде 3 медициналық мекеме ашылды. Бүгін ашып отырған Дегерес елді мекендегі амбулаториядан қажетті әрі сапалы медициналық қызметті алуға мүмкіндік бар, — деген аудан әкімі ғимаратты салған кәсіпкерге алғысын айтты.
Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған денсаулық сақтау нысанының жалпы құны 132,3 млн теңге. Бас мердігер — «AKM GROUP» ЖШС.