Сарбаздарға қару бекіту рәсімі өтті

 

Бүгін, яғни 22.07.2025 ж. 5513 әскери бөлімінің атқыштар батальонының 2 атқыштар ротасының 1-2025 шақырылымы жас сарбаздардың қару алу рәсіміне ҚАЖ департаментіне қарасты РММ №58 мекемесінің тәрбие бөлім бастығы әділет майоры Е.Н. Набатов қатысты.
Е.Н.Набатов өз сөзінде, жас сарбаздарды алғашқы қару бекіту рәсімімен құттықтады және қылмыстық атқару жүйесі туралы, жазасын өтеп жатқан арнайы контингент жайында түсіндіру жұмысын жүргізіп, дәріс өткізді.
Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз.

Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті.

Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш.

Бұл дегеніміз – батырлық пен табандылық, отан сүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны.

Қай дәуірде болсын, Отан қорғау әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келген. Өзін ер азаматпын деп санайтын кеудесінде ар-намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы.

Comments (0)
Add Comment