Жастар арасында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатының финалына шықты деп хабарлады turkystan.kzProsports.kz сайтына сілтеме жасап.
48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Санжар ресейлік Эдмонд Худоянды жеңді. Жекпе-жек үш раундқа созылып, отандасымыз төрешілер шешімімен басым түсті (5:0).
Еске сала кетсек, бүгін тағы төрт қазақстандық (Махмуд Сабырхан, Дулат Бекбаубов, Асланбек Шымбергенов мен Нұрбек Оралбай) жартылай финал аясында рингке шығады.
https://turkystan.kz/article/222769-sanzhar-teshkenbay-elem-chempionatynyn-finalyna-shykty/