Сәлемдеме арқылы тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті анықталды

Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты мекемелерде сотталғандар мен тергеудегі азаматтарға тыйым салынған заттарды жеткізуге қатаң тыйым салынған. Бұл туралы келушілерге арналған жазбаша ескертпелер мекемелердің көрнекі жерлеріне ілініп, тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Соған қарамастан, мұндай құқықбұзушылықтарға жол беретін жағдайлар әлі де кездесуде.

2026 жылғы 16 наурыз күні сағат 12:30 шамасында жедел ақпарат негізінде №67 мекемесінің сәлем-сауқат қабылдау бөлмесінде тексеру жүргізілді. Тексеру барысында азамат Д-ның әкелген азық-түлік өнімдерінің ішінен тыйым салынған заттар анықталды.

Атап айтқанда:
2 дана ұялы телефон,
2 дана қуаттағыш құрылғы,
1 дана құлаққап.
Аталған заттар тәркіленді.
Осы құқықбұзушылыққа байланысты азамат Д-ға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс құжаттары сотқа жолданды.

Мекеме басшылығы мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жеке құраммен күнделікті нұсқаулық жұмыстарын жүргізіп, келуші азаматтарға олардың құқықтары мен міндеттерін тұрақты түрде түсіндіруде.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.

Comments (0)
Add Comment