«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ АУДАНДА

2023 жылдың 26 сәуірі мен 6 желтоқсаны аралығында еліміздің ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтары және заңгерлерінің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Әлеуметтік жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен жүзеге асыруда.
Желілік кестеге сай аталмыш ақжолтай топ Жамбыл облысында қараша айының 20-нан, желтоқсан айының 5-не дейін болады. Ал, біздің ауданда 22-27 қараша аралығында болып, тұрғындарға жан-жақты қызмет көрсетеді.
Осыған орай 22 қараша күні Хантау станциясына келіп тоқтаған «Саламатты Қазақстан» медициналық поезын аудан әкімі Әлихан Балқыбеков Хантау ауылының тұрғындарымен бірге салтанатты түрде күтіп алып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жұмыс басталмас бұрын дархан көңілді хантаулықтардың ән шашуы мен қысқаша концерттік бағдарламасы жұмысшы топты бір серпілтті.
Әлеуметтік жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен жүзеге асыруда.
Ел аймақтарының шалғай станцияларында тұратын азаматтарға тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсету мақсатындағы бұл жоба ауыл тұрғындарына деген үлкен қолдау екені сөзсіз.
Естеріңізге сала кетейік, поезд Хантау станциясында 22-23 қараша күндері халықты қабылдаса, 24-25 қараша күндері Шығанақ станциясында, 26-27 күндері Мыңарал станциясының халқын қабылдайды.

 

Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ,
«Мойынқұм таңы».

 

Comments (0)
Add Comment