Сал ауруымен күресу цифрлық технологиялар арқылы мүмкін болмақ

Назарбаев университетінде сал ауруымен күрестің жаңа жобасы жасалынуда. Бұл туралы аталған оқу орнының өкілдері мәлімдеді.

Инсульттің салдарынан көптеген адамдар параличке ұшырайды. Енді бұны емдейтін аппарат құрастырылу үстінде. Жаңа жоба бірыңғай аппараттардан құралған. Ол өз кезегінде ми сигналын оқып, инсульттың салдарынан сал ауруына ұшығаран адамның қолын қалыпқа келтіреді екен.

«Аппарат қолы жоқ адамға немесе оның қызметі істен шыққан адамға арналған. Ол қолға жаттығу жасап, қолдың жұмыс істеу қабілетін арттырады. Яғни, жүйке жасушаларын оятады», — деді жоба жәрдемшісі Бейбіт Әбдікенов.

Ал, аппарат қалай жұмыс істейді деген сұраққа келер болсақ, ол 3 қосымшадан құралған. Алғашқысы басқа кию үшін жасалған. Алдымен оған сұйықтық (гель) жағып алу қажет. Егер ол сұйықтық жағылмайтын болса аппарат сигналды дұрыс оқымайтын көрінеді.

Одан кейін ми сигналы мониторға түседі. Ол түрлі-түсті белгілер арқылы көрініп, аппаратты дұрыс қолданғанынан хабар береді.

«Бұдан кейін қолды жазып-тарту арқылы сигналды оқуға жәрдемдесу керек. Ол өз кезегінде ми сигналын түбегейлі анықтайтын болады. Мониторда қызыл-жасыл белгілер шығады. Жасыл белгі аппараттың дұрыс киілгендігін көрсетсе, қызыл түс теріс қолданғандықты айғақтайды. Бұл құрылғыны біздер сатып алдық. Ал, болашақта өзіміз жасағымыз келеді. Неге десеңіз осы аппараттың кемшіліктері бар, біз оны жақсартқымыз келеді», – деді инженерния мектебінің түлегі Шарипов Асхат

Үшінші аппарат болса аппарат қолы мүлдем жоқ адамға арналған. Ол қолдың орнына жұмылып-босап отырады. Осы жаттығу қолдың жұмыс істеу қабілетін арттырады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын 50 мыңға жуық адам инсультқа ұшырайды екен. Ал, оның 80 пайызы сал болып қалуда. 2017 жылы бұл қауіпті дерт 3 мың адамның өмірін қиған. Ең қиыны, бұрын егде жастағы адамдар ауыратын бұл індет түрімен бүгінде жас жеткіншектер де ауыра бастапты.

Айта кету керек, аталған жоба Назарбаев университетінің профессоры Прашант Жамалдың (Prashant Jamwal) жетекшілігімен қолға алынды. Жоба жәрдемшісі PhD кандидаты Әбдікенов Бейбіт. Ал, жобаны жүргізуге атсалысып жүрген инженерия мектебінің түлектері — Шарипов Асхат пен Жолдасхан Байкен.

qamshy.kz

Comments (0)
Add Comment