Сақтық шаралары қала әкімінің бақылауында

Тараз қаласы аумағындағы «Қапал» каналында күннің суығына байланысты мұз қату жағдайы орын алуда.

Осы орайда, «Жамбыл Су», «Жасыл Ел Тараз» «Таразтрансэнерго» мекемелері, Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тарапынан аталған орында су басу қаупін болдырмау үшін алдын алу жұмыстарын іске асыруда.

Алдын алу шараларына жалпы 30 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды.


Бүгін күндізден басталған жұмысқа түнгі кезекшілік бригадалары қосымша жұмылдырылады.
Аталған жұмыс қала әкімі Бақытжан Орынбековтің тікелей бақылауында.

Comments (0)
Add Comment