Сабина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшылардың қатарына кірді

Қазақстандық танымал спортшы Сабина Алтынбекова әйелдер арасында әлемдегі ең бай 20 волейболшының қатарына енді, деп хабарлады turkystan.kz. 

Бұл ақпаратты Түркияның Milliyet сайты жариялады. Онда клубтардан түскен сомалар, демеушілік табыстар мен жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция ескерілгені атап өтілді.

Рейтинг бойынша бақуатты спортшылардың алғашқы үштігінде Шела Кастро $12 млн доллар, Жаклин Карвалью / 9,1 млн доллар, Габриэла Гимараес 8,8 миллион доллармен көш бастады. Ал, Сабина Алтынбекова 4,6 миллион доллар байлығымен 11-орында тұр.

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында бұл жаңалыққа қатысты пікір білдірді.

«Менің өмірім туралы өз болжамдарын құрып, оны талқылайтын адамдарға таңғаламын. Шын мәнінде мен тек сүйікті ісіммен айналысамын. Бұл маған жақсы табыс әкеледі. Мен тыңбай еңбек етіп жатқанда біреу менің ақшамды санап, оны әлеуметтік желілерге жазады. Өз басым мұндай нәрсені ұнатпаймын», – деп жазды ол.

Алтынбекова волейболдан Біріккен Араб Әмірліктері біріншілігінде жуырда чемпион атанған «Аль-Васл» клубында өнер көрсетеді.

https://turkystan.kz/article/221212-sabina-altynbekova-elemdegi-en-bay-voleybolshylardyn-kataryna-kirdi/

Comments (0)
Add Comment