Балалар жылына және Халықаралық шала туған балалар күніне орай аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімінде игілікті іс-шара ұйымдастырылды. Неонатолог дәрігер Асел Бошқаеваның бастамасымен өткен шараға 2021-2022 жылдары мерзімінен бұрын туылған сәбилердің аналары қатысты. Атап айтқанда, Байзақ ауылының тұрғындары Жәнібек Керей, Айша Рысқұлбек, диқандық Айзере Нұрлан, Сарыкемер ауылының тұрғындары Раяна Нұрғали, Бекарыс Уразали, Айша Ынтымақтың аналарына баланың күтімі туралы кеңес берілді. Одан соң бөбектердің құрметіне арнайы дастархан жайылып, ізгі тілектер айтылды. |
Айнұр Аскербек