Қазір қайғыдан қан жұтып отырған туыстары кезек күттіріп, ауруханадан ауруханаға жіберген дәрігерлерді жазалауды сұрап отыр.
Оралдық 24 жастағы Асылтас Аренованы омырауын шиеттей нәрестесі тістеп алып, кейін келіншектің жағдайы нашарлап, аурухана түскен. Десе де туыстары Асылтас дәрігердің салғырттығынан көз жұмғанына сенімді. Өкініштісі жас ананың соңында жәутеңдеп екі баласы қалды. Қазір қайғыдан қан жұтып отырған туыстары кезек күттіріп, ауруханадан ауруханаға жіберген дәрігерлерді жазалауды сұрап отыр. «Дәрігерлер өз кәсібінің білгірі болса, қазір қара жамылып отырмас едік», дейді 24 жастағы қызының мәйтіне қарап жаны қарс айырылған ана. Сонымен бірге марқұмның анасы Эльмира Аренова кенеттен ауырып барған қызының диагнозын таба алмаған дәрігерлерді әрлі-берлі сабылтып, ауруханадан ауруханаға жібергендерін, кезек күткізіп қинағандары үшін кешіре алмайтынын айтады. «Инфекционныйдың врачтары мынау біздікі емес, бұл дейтін мастит хирургқа барындар деді. ГМБ-ға бардық ГМб-ға ұзақ жүріп қалдық. ГМБ-дан кейін қайтарып жіберді. Үйге барғанда шыдай алмай, қайтадан скорый шақырттық. ГМб-тағы хирург қараған жоқ. Гмб-дан областнойдан қайтты»,–дейді марқұмның анасы Эльмира Арсенова. Тағы бір айта кетерлігі, осыдан бірнеше күн бұрын марқұмның төсін емізулі сәбиі тістеп алған соң жара пайда болған. Содан Асылтастың кеудесі сыздап ауыра бастаған. Ақыры омыраудағы жара шыдатпаған соң, ол жедел жәрдем шақыртқан. Десе де ақ халаттылар келіншектің қатты ауырып тұрғанына қарамастан, хирургқа кезек алдырған. Алайда өзін жайсыз сезінген әйел дәрігер кезегін күтуге шыдамаған соң үйіне қайтқан. Артынша ол қайтадан жедел жәрдеммен жұқпалы аурулар ауруханасына түседі. Ол жердегі дәрігерлер келіншектен ештеңе таппаған соң тағы үйіне қайтарған. Үйде жағдайы күрт нашарлаған Асылтас облыстық ауруханада жеткізілген көрінеді. Осылайша 24 жастағы жас ана кеше 27 ақпанда жансақтау бөлімінде қайтыс болады. Қазіргі таңда марқұмның өліміне қатысты сот-мединциналық сараптама тағайындалған. Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасындағылар келіншектен неден қайтыс болғанын сараптама нәтижесінен кейін айтатындарын жеткізді. «Облыстық көпбейінді ауруханада науқасты толықтай уролог тексерді. Бүйрегіне ультра дыбыстық зерттеу жүргізілді. Оған сейкес ем тағайындалған болатын. Алайда науқас тағы да бізге келіп түсті. Оны жансақтау бөліміне жатқызғанымызбен, жағдайы күрт нашарлап, көз жұмды», – дейді Батыс Қазақстан облысы көпбейінді ауруханасының директоры Арман Байдеуов.
Kyn.kz.