Рыбакина қатарынан оныншы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты деп хабарлады turkystan.kz.

Елена үшінші айналымда әлемнің бұрынғы 2-ракеткасы, қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 29-орында тұрған испаниялық Паула Бадосаға қарсы шықты. 2 сағат 33 минутқа созылған тартысты ойында қазақстандық спортшы 3:6, 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Осылайша, Елена қатарынан оныншы жеңісіне қол жеткізді.

Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының ширек финалына шығу үшін әлемнің 39-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенс немесе рейтингте 41-сатыдағы хорватиялық Петра Мартичтің біреуімен кездеседі.

Бұған дейін Елена Рыбакина АҚШ-тағы Индиан Уэлс турнирінде топ жарған болатын.

https://turkystan.kz/article/218019-rybakina-katarynan-onynshy-zhenisine-kol-zhetkizdi/

Comments (0)
Add Comment