Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты деп хабарлады turkystan.kz.
Үшінші раундта спортшымыз рейтингте өзінен жоғары тұрған, осы турнирдің былтырғы финалисі Даниэль Коллинзпен кездесті. Ойын 2 сағат 5 минутқа созылып, Рыбакина үш сетте жеңіске жетті (6:2, 5:7, 6:2).
Рыбакинаның келесі қарсыласы әлемнің алғашқы ракеткасы Ига Швентек болуы мүмкін. Ойыннан кейін ол «жеребені мүлде қараған жоқпын, кіммен болса да ойнаймын» деді.