«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЛАТЫН ӘЛІПБИІ» КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ақын, көсемсөзші, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Тілдерді оқыту орталығынан «Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» кабинетін ашты. Кабинет латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіру, жаңа әліпби тізбегіндегі әріптерді үйрету, әдістемелік көмек көрсету мақсатында ашылды. Кабинетте семинар-тренингтер, оқу курстары, лингвист-ғалымдардың онлайн семинарлары өткізілетін болады. Жаңа қазақ тілі әліпбиін үйренуге ниет білдірген азаматтар үшін кең мүмкіндіктер қарастырылған. Кабинеттің ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Тілеумұрат Шәбден, облыстағы ЖОО-ның ғалымдары, БАҚ өкілдері, Тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары қатысты. СОСТОЯЛОСЬ ОТКРЫТИЕ КАБИНЕТА «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЛАТЫН ӘЛІПБИІ» В рамках программной статьи Главы государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» в честь дня рождения основоположника казахского языкознания и литературоведения, поэта, публициста, переводчика Ахмета Байтурсынова и Дня языков народа Казахстана, празднуемого 5 сентября, управление по развитию языков области открыло кабинет «Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» при центре обучения языкам. Кабинет открыт в целях разъяснения казахского алфавита, основанного на латинской графике, обучения буквам нового алфавита, оказания методической помощи. В кабинете будут проводиться семинары-тренинги, учебные курсы, онлайн семинары ученых-лингвистов. Предусмотрены широкие возможности для граждан, желающих освоить новый казахский алфавит. В церемонии открытия кабинета приняли участие заместитель председателя Жамбылского филиала партии «Нур Отан» Тлеумурат Шабден, ученые вузов области, представители СМИ, слушатели Центра обучения языкам.
#ТілдердідамытубасқармасыЖамбылоблысы#Жамбылскаяобласть #РуханижаңғыруЖамбылоблысы#РуханижаңғыруЖамбылскаяобласть #МодернизацияобщественногосознанияЖамбылскаяобласть#Болашаққабағдарруханижаңғыру #Взглядвбудущеемодернизацияобщественногосознания #МенлатындықолдаймынЖамбылоблысы #ЯподдерживаюлатиницуЖамбылскаяобласть#язапереходлатиницыЖамбылскаярбласть #туғанжер#tuganjer#100жаңаесім#Қазақстанныңкиеліжерлерініңгеографиясы #СакральныеместаКазахстана#100жаңаесім#100новыхлиц#100жаңаоқулық#100новыхкниг #Жамбылоблысыономастика

 

Comments (0)
Add Comment