Қазақстан – қазақ халқымен қатар жүзден аса этнос өмір сүретін мемлекет. Бұл ұлттардың әрқайсысына тән салт-дәстүрі, мейрамдары бар. Аталмыш дәстүр-мейрамдардың кейбірі бірегей болса, енді бірі өзге халықтардың дәстүрлерімен үндеседі: бірі мыңжылдықтарға созылса, бірі көз алдымызда қалыптасып жатады.
Сондай мейрамдардың бірі – орыс халқы тойлайтын Пасха мерекесі. Аталған мереке христиан дінінің ежелгі әрі ең маңызды мейрамы болып табылады. Бұл күні православ сеніміндегілер шіркеуге барып, туған-туыстары мен жақындары үшін құдайға сыйынады.
Пасха қайырымды игі іс-амалдарға, мейірімділік, құрмет, отбасы мен өз халқына деген сүйіспеншілік секілді шынайы рухани құндылықтарға бет бұратын мереке. Бұл күні адамдардың жүрегінде сенім мен үміт, игілік пен бейбітшілікке ұмтылыс ұялап, адамгершіліктің мағынасы ашыла түспек.
Мемлекеттік саясаттың арқасында бүгінде елімізде татулық пен тыныштық орнаған. Діни сенім бостандығына кепілдік беріліп, Қазақстан атты үлкен отбасында өмір сүріп жатқан этностардың тілдері мен дәстүрлерін дамытуға барлық жағдайлар жасалған.
Елордамыз Нұр-Сұлтан жаһандық дінаралық және мәдениетаралық диалог орталықтарының біріне айналып үлгерді. Бас шаһарда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өтіп тұрады. Бейбітшілік пен тыныштықты қолдауда, тұрақтылықты сақтауда Қазақстандағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік аймағы, сондай-ақ басқа христиандық қауымдардың қосқан үлесі зор.
Миллиондаған адамдарды біріктіріп, жүрекке махаббат пен қуаныш ұялатып, ең жоғарғы рухани құндылықтардың жарқын бейнесі саналатын мереке біздің облысымызда да жоғары деңгейде аталып өтіледі. Бұл күні жиылған қауым бір-біріне жылы лебізіндерін білдіріп, елімізде барлық ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлері ерекше құрметке ие екенін, дінаралық татулық пен ұлтаралық келісімнің рөлі жоғары тұрғандығын сөз етеді. үрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдерінен құралған шығармашылық ұжымдар ән шырқап, би билейді.
Мереке соңында қолөнер бұйымдарының көрмесі өтіп, келушілер өздеріне ұнаған дүниелерді арзан бағада сатып алады. қолөнер бұйымдарының көрмесі өтіп, келушілер өздеріне ұнаған дүниелерді арзан бағада сатып алады.