Роза Рымбаева өзін кедей әншілердің қатарына қосты

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева тойға шығуға ұялатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі бұл туралы белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында алға тартты.

Мен тойға өте сирек шығамын. Ары кетсе, айына бір рет қана. Жалпы, мен той әншісі емеспін. Менің репертуарым тойға арналмаған. Сондықтан мені әндерімді ұнататын және әнші ретінде мойындайтын адамдар ғана шақырады, – деді Роза Рымбаева.

Әнші сұхбатта той әншілердің негізгі пайда көзі екенін де жасырмады.

Кеңес заманында аз болса да тойлар болатын. Мен тойға шығуға ұялатынмын. Қазір бұл – қалыпты жағдай. Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Соның ішінде мен де бармын, – деді ол.

Фото:instagram.com/rozarymbaeva

https://malim.kz/article/show-business/roza-rymbaeva-ozin-kedei-ansilerdin-qataryna-qosty-27584?fbclid=IwY2xjawHnLLlleHRuA2FlbQIxMQABHQzGzjRrPALbEtV_5X0bN0eZzSKyETkl8-hGFB2KwScU1uy1-uXZwbYfbg_aem_vKxDqseqCDexq5cCXSqnJg

Comments (0)
Add Comment