Риддерде жылу электр орталығы тоқтап қалып, қала тұрғындары жылусыз қалды

“Құрметті жерлестер, Риддер қаласында қолайсыз жағдай орын алды. Риддер ЖЭО басшылығы мазуттың сапасын бақыламай, ол сумен араласып, нәтижесінде жылу станциясының қазандықтары уақытша тоқтады. Шұғыл түрде менің басшылығыммен жедел штаб құрылды”, — деді облыс әкімі.

Ол қазіргі кездегі негізгі міндеттерді атап өтті:

— Қазір «Қазмырыш» ЖШС-нің Риддер қаласындағы қоймаларынан жылу станциясының жұмысын қалпына келтіру үшін ЖЭО-ға бірден 60 тонна мазут жіберілді.

— Өскемен ЖЭО қосымша арнайы машиналармен қалаға 70 тонна мазут жібереді. 4 сағаттан кейін отын жылу көзінде болады.



— 25 қазан түнгі сағат бірде қалаға тағы қосымша 6 цистерна мазут келеді. Бұл отын көлемі жылу станциясының 100 күндік үздіксіз жұмысына жеткілікті.

Облыс прокуратурасы Риддер ЖЭО басшылығының немқұрайлылық фактісі бойынша жедел тергеу бастады. Жақын арада ЖЭО қазандықтарын іске қосу алгоритмі әзірленіп, қала тұрғындарына ұсынылады, деп атап өтті Даниал Ахметов.

«Бір сағат ішінде жол полициясының сүйемелдеуімен тағы 50 тонна жөнелтілетін болады. Сондай-ақ «ҚазМырыш»ЖШС отын жеткізеді. Жылу станциясының екінші қазандығы жанып жатыр, бірінші және үшінші іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Сағат 22.00-ге дейін Риддер ЖЭО температуралық режимге сәйкес тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету керек. Қала тұрғындарының уайымдауы мен мазасыздануына еш себеп жоқ. Станцияны қамтамасыз ететін қор оған жүз күн бойы үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді», — деді облыс басшысы.

https://stan.kz/ridderde-zhilu-elektr-ortaligi-toktap-kalip-kala-tyrgin-372328/

Comments (0)
Add Comment