15 үміткердің ішінен алқа делегаттары Мәди Мырзағараевты таңдады. Ол 2021 жылдан бері төраға болған Айдын Бикебаевтың орнына отырды.
Мәди Мырзағараев 22 жылдан астам тәжірибесі бар адвокат, Республикалық алқа президиумының бұрынғы мүшесі, бірнеше салалық комиссияны басқарған. Мемлекеттік және кәсіби марапаттарға ие болған.
Айта кетейік, елімізде 6500-ден астам адвокат тіркелген, олар 20 аймақтық алқаларға біріктірілген. Ең ірілері — Алматы, Астана және Алматы облысында.
Ақпарат — Atameken Business