Республика күні қарсаңында Ақбақай ауылы тұрғындарының көптен сұранған өтінішіне сәйкес, кіші футбол алаңы ауыл халқы игілігіне пайдалануға берілді.
Ауыл әкімі М. Белгімбаевтың айтуынша ауыл жастары футбол алаңының соғылып бітуін асыға көптен бері күткенін, аудандық бюджеттен 13,8 мың тг қаржы қаралып, мердігер жұмыстарды сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтағанын айтты.
Шалғай ауылдың қуанышын бөлісуге Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаты, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ғ. Шубаева арнайы барды. Ғ. Шубаева өзінің құттықтау сөзінде Ақбақай ауылының аудан орталығынан ең шалғай орналасқан ауыл екенін, дегенмен мұндағы жастар да бұқаралық спортпен айналысуы үшін бюджеттен қаржы қаралып бүгін пайдалануға беріліп отырғанына қуанышын жеткізді.