Республика күніне орай 4-ші футбол алаңы пайдалануға берілді

Республика күні қарсаңында өңіріміздегі 6 елдімекенде әмбебап спорт кешендері, кіші футбол алаңы және балалар ойын алаңшасын ел игілігіне беру жоспарланған.
Күні кеше Аса, Қаратау, Тоғызтарау ауылында тұрғындар өтінішіне сәйкес, ел игілігіне кіші футбол алаңдары пайдалануға берілсе, бүгін Қызыл-Дихан ауылында кіші футбол алаңы ашылды.
Гродиково ауылдық округінің әкімі Болат Қожабеков жастар алаңда көптен бері күткенін, аудандық бюджеттен 10 млн қаржы қаралып, мердігер жұмыстарды сапалы жүргізген айтады. Мұнда 800-ге жуық тұрғын тұрады.
Тұрғындардың қуанышын бөлісуге аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова келіп, жұртшылықты Республика күнімен және жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
– Ауданымызда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың саны 35 мыңға жетті. Өңірде бұқаралық спортты дамытуға үлкен мән беріліп, 177 спорт нысаны жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде. Ағымдағы жылы Сұлутөр ауылында спорт кешені пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 4 елді мекенде спорт кешендерін пайдалануға беру жоспарлауда. Сонымен қатар, келесі 2024 жылы Бесағаш ауылында спорт кешенінің құрылысы аяқталатын болады, – деді Махпал Сатыбалдықызы.
Жалпы аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мади жанұзақовтың айтуынша, өңір тұрғындарына 1 стадион, 3 спорт кешені, 42 спорт зал, 20 үлкен футбол алаңы, 57 кіші футбол алаңы, 16 баскетбол алаңшасы, 20 волейбол алаңшасы, 12 стритворкаут, 4 әмбебап алаңшасы, ипподром, теннис корты қызмет көрсетеді.
Айта кету керек Республика күніне орай бұл спорт нысандарынан бөлек, жуырда Айшабибі, Гродекова ауылдарында денешынықтыру-сауықтыру кешендері ашылатын болады.
Жамбыл ауданы әкімдігі
Comments (0)
Add Comment