Сол сәттен бастап Қазақстан жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Бұл еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын.
Осы бастамадан кейін, 25 қазан Республика күні ұлттық мереке болып бектілді.
Салтанатты жиында аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйледі.
— Егемендік туралы Декларацияның қабылдануымен еліміздің егемендігін айғақтайтын жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, мемлекеттік рәміздері бекітіліп, халықаралық қатынастардағы дербестігі айқындалды. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Еліміздің осы уақыттан бері бағындырған шыңдары да, атқарған игі істері де жетерлік. Биыл құрылғанына 95 жыл толып отырған Сарысу ауданының жұртшылығы да ел егемендігін баянды ету жолында аянбай еңбек етіп келеді. Аудан тынымсыз еңбектің, алдағы күнге деген сенімнің арқасында дамудың даңғыл жолына түсті. Аудан үшін даңғыл жолға түсудің қиындықтары аз болған жоқ. Аудан халқы бірлік пен таулықтың арқасында қиындықтың бәрін еңсерді. Қазіргі таңда аудан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан, ауыл шаруашылығымен қатар, өнеркәсібі өркендеген өңір. Осы жылдар ішінде ауданда халықтың жаңа әлеуметтік тобы – кәсіпкерлердің үлкен шоғыры қалыптасты. Биыл ауданымыз айтулы мерекені үлкен жетістіктермен қарсы алғалы отыр. Республика күні мерекесі алдағы уақытта Тәуелсіздікті дәріптеп, ел егемендігін нығайта түсуге септігін тигізеді деп сенеміз,—деген аудан басшысы жиналғандарды мерекемен құттықтап, егемен еліміздің мәртебесінің биіктей беруіне тілектестігін білдірді.
Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков сөз сөйлеп, жиынға қатысушыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, үздік жетістіктерге жетіп жүрген бір топ азаматтар «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Жамбыл облысы әкімінің,
Сарысу ауданы әкімінің, аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталды.
Салтанатты шарада аудандық мәслихаттың шешімімен «Сарысу ауданның Құрметті азаматы» атанған еңбек ардагерлеріне арнайы куәліктер мен төсбелгілерді аудан әкімі Сәкен Мамытов және аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков салтанатты жағдайда табыс етті.
Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, әсем ән мен биден шашу шашқан аудан көркемөнерпаздары мен Тараз қаласынан арнайы келген «Намат» тобы көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі