Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Конкурстың екінші кезеңіне өткен шығармалар қоғамда кеңінен талқыланды. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Комиссия мүшелеріне талқылау қорытындысын баяндады.
Комиссия жасырын дауыс беру арқылы Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын 2022 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреаттығына үміткерлерді анықтады.
Биыл Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау Республика күні қарсаңында өтеді.
https://turkystan.kz/article/199510-respublika-kuni-memlekettik-syylyk-laureattary-marapattalady/