Ресей президенті Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Фото: Ақорда
https://turkystan.kz/article/260681-resei-prezidenti-putin-toqaevty-tugan-kunimen-quttyqtady

Ресей президенті Владимир Путин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады. Құттықтау Кремльдің ресми сайтында жарияланды.

— Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Біз Сіздің мемлекеттеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Бұл қарым-қатынастар бауырлас Ресей мен Қазақстан халықтарының игілігі, еуразиялық кеңестікте қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында алдағы уақытта да жемісті жалғасын табатынына сенімдімін.

Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге шын жүректен денсаулық, игілік пен мемлекет болашағы жолындағы қызметіңізге сәттілік тілеймін. Құрметпен, Владимир Путин, — делінген Ресей президентінің құттықтауында.

Comments (0)
Add Comment