Ресей мүддесі үшін тыңшылық жасады деп айыпталғандар Тоқаевтың ұлын әшкерелейтін материалдар дайындамақ болған – БАҚ

 

Telegraph газетінің дерегіне сәйкес, Орлин Тоқаевтың ұлына қарсы материал дайындау мәселесін Интерпол іздеу салған Ян Марсалекпен талқылаған. Сондай-ақ Ян Марсалек шабуыл жасауға тапсырыс беруші деп танылған. Ол Кремль атынан Тоқаевтың «ұлының қатысуымен түсірілген фейк гей-порно» жасау туралы тапсырма берген.

Ақорда мәліметіне сәйкес Тоқаевтың ұлының есімі – Тимур. Ол Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын басқарады.

Орлин мен Марсалек жоспарын жүзеге асыру үшін «бал қақпанын» жасамақ болған. Бұл әдісті арнайы қызмет өкілдері жиі қолданады, мұнда романтикалық немесе сексуалды қарым-қатынас саяси мақсатта пайдаланылады.

Жазбаға сүйенсек, Марсалек гей-клубтың басшысымен сұхбат жасауы керек болған. Сұхбатта клуб басшысы «Тоқаевтың ұлының тұрақты қонақ екенін» айтуы керек еді.

Бұдан бөлек Марсалек «қазақстандық атом электр станцияларына кибер шабуыл жасап, интимдік видеоларды жариялауды және валютаны құлдыратуды» ұсынған. Бірақ нәтижесінде топ бұл жоспардан бас тартып, 2022 жылы Лондондаңы Қазақстан елшілігінің алдында «жалған наразылық акциясын» өткізуге тоқталған.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік тыңшылар Қазақстан билігін сынау үшін «Боратты» жалдамақ болғаны туралы хабарлаған едік.

Тыңшылар Голливуд актері Саша Барон Коэнді жалдап, оның танымал “Борат” кейіпкері арқылы Қазақстан билігін сынайтын бейнебаян түсіруді жоспарлаған.

Сотта күдіктілер алқабилерге ресейлік қауіпсіздік қызметтері қазақстандық арнайы қызметтерге ұйымдастырылғалы жатқан наразылық акциялары туралы жалған ақпараттар беріп, «олардың ықыласына ие болғысы» келгендері туралы мәлімдеме жасады.

Фото: Орлин Русев (сол жақта), Тимур Тоқаев (оң жақта)
https://stan.kz/resey-muddesi-ushin-tinshilik-zhasadi-dep-ayiptalgandar-411160/
Comments (0)
Add Comment