Референдум қалай өтті?

Бүгінгі Республикалық референдумның нәтижесін “біссіміллә” деп Қоғамдық саясат институты жариялап үлгерді. Институт өкілі еліміздің барлық өңірінде Exit Poll өткізіп, 600-ден астам интервьюерлер мен супервайзерлер жұмыс атқарып, 44 160 азамат қатысқанын мәлімдеді.
Сауалнама 300 дауыс беру учаскесін қамтып, экзитпол нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысушылардың 72,3%-ы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісемін деп жауап беріпті.
27,7% тұрғын қарсылық білдіріпті.
Ең үлкен қолдау энергия тапшылығы өзекті болып табылатын оңтүстік өңірлердің тұрғындары білдіріпті. Әрі оңтүстік аймақтарда халық саны көп екенін ескерсек,
бұған қоса үгіт-насихат жұмыстары да қарқынды жүрген сияқты. Қарсыластар да өздерінің позициясы толық жеткізе алмаған сияқты. Дегенмен “иә” деген жауап басым болды дейді сауалнама жүргізушілер. Сіз бұған не дейсіз?
Деректер https://t.me/socioexpert_01/779 желіден көшірілді.
Comments (0)
Add Comment