Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай, елімізде жарияланған рақымшылық аясында Жамбыл облысындағы №25 мекемеден тағы бір азамат бостандыққа шықты.
Рақымшылдық рәсімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, сондай-ақ сот шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылды. Бостандыққа шыққан азамат қоғамға қайта бейімделу мүмкіндігіне ие болды.
Өз кезегінде босатылған азамат Мемлекет басшысы мен мекеме басшылығына өз алғысын жеткізді.
Бұл шара – Конституцияның 30 жылдығына арналған ізгілік пен мейірімділік қағидаттарын жүзеге асырудың бір көрінісі. Амнистияның басты мақсаты – түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға екінші мүмкіндік беру, олардың қоғамға қайта қосылып, заңға бағынатын толыққанды азамат болып өмір сүруіне жағдай жасау.
Бостандыққа шыққандарға әлеуметтік бейімдеу, тұрмыстық және құқықтық қолдау бағытында тиісті мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар тарапынан көмек көрсетіледі.
Азамат өзінің алға қойған мақсаты бар екенін, алдағы уақытта қайта қылмыс жасамайтынын айтып, заң алдында адал өмір сүруге уәдесін берді.